Abaixo está a letra da música Жұмбақ сезім , artista - Азия com tradução
Texto original com tradução
Азия
Бір көргеннен сүйіп қалдым өзіңді
Жеңе алмадым саған деген сезімді
Күніне бір екі рет көре алмай қалсам
Ойлаймын мен ұйықтай алмай өзіңді
Талай күнді өткіздік бірге екеуміз
Айлы түнде екеуміз сыр шертеміз
Болашаққа қиялменен сапар шегіп
Қол ұстасып арманға батып кетеміз
Кейде саған қараймын кірпік қақпай
Ажарыңнан бір сызат бір мін таппай
Армандаймын сен мендік мәңгі болсын деп
Жүрсек деп көлде жүзген қос аққудай
Арман..... жалған..... о-о-о
Қос аққудай, сені, қимай о-о-о ооо
Неге сонша сүйіп қалдым өзіңді
Неге сонша айта алмаймын мен сырымды
Әрқашан ойымдасың жалғыз сен өзің
Жеңе алмадым саған деген мен сезімді
О, Алла бұлай неге жараттың сен?
Алдыңда дәрменсізбін, нәзікпін мен
Ғашықпын бірақ оған бата алмаймын
Сүйемін деп мен оған айта алмаймын
Кейде саған қараймын кірпік қақпай
Ажарыңнан бір сызат бір мін таппай
Армандаймын сен мендік мәңгі болсын деп
Жүрсек деп көлде жүзген қос аққудай
Арман..... жалған..... о-о-о
Қос аққудай, сені, қимай о-о-о ооо
Músicas em diferentes idiomas
Traduções de alta qualidade para todos os idiomas
Encontre os textos que você precisa em segundos