Әндетемін - Мирас Жугунусов

Әндетемін - Мирас Жугунусов

Альбом
Әндетемін
Год
2019
Язык
`cazaque`
Длительность
235150

Abaixo está a letra da música Әндетемін , artista - Мирас Жугунусов com tradução

Letra da música " Әндетемін "

Texto original com tradução

Әндетемін

Мирас Жугунусов

Əндетемін сені сағынғанда

Күтем сені сағынғанда

Әдетте бәрі тәтті тәтті бәрі басында.

Уақыт өте кете буы қалады басыла.

Бірақ өзгеше ерекше бөлекше біздің жайт.

Себебі сиқыр көпір бар арада расында.

Түсініп ал, сезініп ал, менімен болады өмірің бал.

Қабылдап ал, ұғынып ал.

Бұл жолы айтқаным келеді дәл.

Себебі екеумізге не керегін білемін.

Алыстамай сондықтан жанымда қал.

Жаным-ау сен уайымдама.

Түсінетін мен ғана ал мені тек сен ғана.

Тек сен алаңдама.

Сенші маған келші маған.

Әндетемін сені сағынғанда, тең етемін әппақ атқан таңға.

Жүрегімнің жарып шыққан әні бол.

Мейірімге толы өмір мәні бол.

Болшы жаным бол жақын жаныма

Әдетте сеніп ерік беру керек жүрекке,

Көрейік сүйіп от сезімге жанып күйіпте.

Қолымнан ұста сеніп жаным маған еріп көр.

Жетелеймін екеумізді тек биік биікке.

Түсініп ал, сезініп ал,

Менімен болады өмірің бал,

Қабылдап ал ұғынып ал.

Бұл жолы айтқаным келеді дәл.

Себебі сені ғана шын жүрекпен сүйемін.

Сондықтан алыстамай жанымда қал.

Жаным-ау сен уайымдама.

Түсінетін мен ғана ал мені тек сен ғана.

Тек сен алаңдама.

Сенші маған келші маған.

Бұл әсем ән екеуміз жайында,

Айтшы маған жүрегің дайынба?

Айтылар сөздердің бәрі айтылды.

Арғы жағын өзің ойлап пайымда.

Айналмасын шын сезім ойынға.

Әндетемін сені сағынғанда, тең етемін әппақ атқан таңға.

Жүрегімнің жарып шыққан әні бол.

Мейірімге толы өмір мәні бол.

Болшы жаным бол жақын жаныма

Әндетемін

Mais de 2 milhões de letras

Músicas em diferentes idiomas

Traduções

Traduções de alta qualidade para todos os idiomas

Busca rápida

Encontre os textos que você precisa em segundos